Мұз қателікті кешірмейді: Желіде Қапғашайда суға батып кеткен көліктің видеосы жарияланды

Сурет: pixabay
17 қаңтарда блогер Михаил Шевелев Instagram парақшасында Қапшағай су қоймасына батып кеткен көліктің бейнежазбасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz .

Блогер су қоймасына барып, аэрофототүсірілім жасап жүрген сәтінде оған бейтаныс адамдар көлігін тауып беруді өтініп келгенін жазыпты.

"Айтуынша, олар балық аулауға келіп, ТЖД тыйымына қарамастан, көлікпен мұзға шығып кеткен. Күнді жақсы өткізгенімен, өкінішке қарай, олар жағаға орала алмаған. Қапшағай өте қу! Жағаға қарай кетіп бара жатқанда көлік ойыққа түсіп кеткен. Жағаға жақын маңда қайнар бұлақ болса керек", – дейді Михаил.


Сурет: Instagram.com/shevelev_m

Көлікте төрт адам болған.

"Олардың арасында жеті жасар қыз да болған. Жүргізуші терезені сындырып үлгеріп, барлығы құтылып шыққан. Бірақ жағдай қиын болуы мүмкін еді, абай болыңыз", – деп жазыпты блогер.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды