Қызылорда облыстық филармониясына композитор Кеңес Дүйсекеевтің есімі беріледі

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
17 желтоқсанда Қызылода облыстық мәслихат сессиясында республикалық ономастика комиссиясының қарауына Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру жөніндегі ұсыныстар қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Мира Қазбекова мәслихат депутаттарына осы күнге дейін өңірлік ономастика комиссиясының отырыстарында қолдау тапқан тиісті басқармалардың ұсыныстарын жеткізді.

Атап айтқанда, Қызылорда облыстық филармониясына композитор Кеңес Дүйсекеевтің, ал Сырдария аграрлы-техникалық колледжіне Балдырған Мұстапаеваның есімін беру ұсынылды. Аталған бастамалар сессия отырысында қолдау тауып, алдағы уақытта республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңес Дүйсекеев – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. 200-ден астам шығарманың, оның ішінде "Толғау" симфониясының, "Жалаңтөс батыр" симфония поэма-картинасының, "О, дүние" кантатасының, "Жыл мезгілдері" романстар циклінің авторы. Оның әндерін Роза Рымбаева,  Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова сияқты әншілер орындап жүр.

 "Гүлдер" ансамблінің, "Қазақконцерт" гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, "Қазақ теледидары" музыка редакциясының бас редакторы, Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, "Қазақконцерт" гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарған.

 Еңбектегі табыстары үшін "Құрмет",  "Парасат" ордендерімен,  "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері" төсбелгісімен марапатталған.

Кеңес Дүйсекеев 2020 жылғы 9 шілдеде өмірден өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды