Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Сурет: primeminister.kz
ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылдың 17 қаңтарында күдікті Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімі 1 айға ұзартылды", - делінген Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарламасында.

29 мамырда Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алынғаны белгілі болды. Тұтқындауға халықаралық көрмелерге бөлінген 140 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен санкция берген.

Кейін ұрлықтың тағы бір эпизоды ашылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық музей орындалған жұмыс үшін мердігерге 1,3 млрд теңге төлегенін түсіндірді. Ал зерттеу жұмыстың нақты құны 83,4 млн теңге болғанын көрсетті.





Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды