Қарағандылықтардың электр энергиясы үшін келген шоттары тексеріледі

Сурет: pexels
Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаменті қарағандылықтардың электр энергиясы үшін келген шоттарын тексереді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірқатар БАҚ-та қарағандылықтардың 2022 жылдың желтоқсан айы үшін электр энергиясына әдеттегіден көп төлем туралы шоттар алғаны туралы ақпарат жарияланды.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті өз кезегінде Қарағанды облысында электр энергиясының тарифтері бұрын қолданыста болған деңгейде екенін хабарлайды.

Осыған байланысты, Табиғи монополияларды реттеу комитеті электр энергиясы үшін артық шот алған Қарағанды облысының тұтынушыларын ведомствоның облыстық департаментінің атына монополист-субъектіге қатысты тексеру жүргізу үшін барлық растайтын құжатпен жүгінуді сұрады. Өйткені әр жағдай жеке талдануға тиіс.

Қарағанды облысы бойынша ТМРКД мекенжайы: Қарағанды қаласы, Костенко көшесі, 6, тел / факс: 8 (7212) 41-18-27.


"Монополистердің іс-әрекеттерінде бұзушылықтар анықталған жағдайда ТМРКД өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайды", - делінген комитет хабарламасында.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды