20 қаңтардағы түскі саудада доллар арзандады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,30 теңгеге төмендеп, 462,55 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 68,10 теңгені (-0,15) құрады.

Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 501,04 теңге, рубльді 6,73 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 462-465,6 теңге, еуро 501-506 теңге, ресей рублі 6,45-6,7 теңге аралығында сатылуда.

Ал 20 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің құны 0,12%-ға қымбаттап, барреліне 86,26 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада ақпан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,21%-ға өсіп, 80,5 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды