"Бірдеңе істеу керек": 2,5 жылда Каспий қалай таязданды

Сурет: pxhere
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram-дағы парақшасында тағы Каспийдің видеосын жариялады. Видеода Каспий теңізінің деңгейінің 2,5 жылда қалай өзгергені көрсетілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сартас шығанағы, Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің оңтүстік жағалауы. Бір кездері бәзбіреулер осында тұтас теңіз портын саламыз деп жоспарлап, тіпті инфрақұрылым сала бастады. Бірақ бірдеңе дұрыс емес болып, жоба жүзеге аспай қалды. Қазір Каспий теңізінің тайыздану ауқымының куәгері болған соң мен бұл жобаға инвестиция сала алмаған инвестор үшін аздап қуанып тұрмын", - деп жазды блогер видеоның астына.

Блогер "Бірдеңе істеу керек" деп есептейді.

"Видеодағы көріністің айырмашылығы небәрі 2,5 жыл", - деп түйіндеді Сәрсенбаев.


Пікір қалдырушылар бір ғана сұрақ қойды: "Теңіздің тайыздануына кім жауап береді?"

11 қаңтарда Экология және табиғи ресурстар министрлігі Каспий теңізінің тайыздануы туралы айтты. Бұдан кейін департамент теңіз деңгейінің ауытқуы негізінен климаттың антропогендік өзгеруінің әсерінен су балансының сипаттамаларының арақатынасына байланысты екенін атап өтті.

Ақтау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды