Енді қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктеріне жиі ұша алады

Сурет: pixabay
Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы рейстер саны артып келеді. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15-17 қаңтарда БАӘ-ге жасаған сапарының қорытындысы бойынша авиация басшылары екі ел арасындағы рейстер санын арттыруға уағдаласты.

Аавиатасымалдардың қолжетімділігі және авиабилеттер құнын төмендету мақсатында 22 қаңтардан бастап "Wizz Air Abu Dhabi" лоукост әуекомпаниясы Абу-Даби және Алматы қалалары арасындағы рейстер санын аптасына 3-тен 4-ке дейін (сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі) арттырды. Ұшулар Airbus A320/A321 типті әуе кемелерінде орындалады.Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ "Fly Dubai" әуекомпаниясы:

28 ақпаннан бастап "Fly Dubai" әуекомпаниясы аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі, сенбі) Шымкент-Дубай бағыты бойынша рейстерді қайта бастауды жоспарлап отыр. "Fly Dubai" әуекомпаниясының ұшулары Б-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде орындалатын болады.Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі

Қазақстан мен БАӘ "ашық аспан" режимін ұзартты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды