Қаңдастар енді еліміздің 8 өңіріне қоныстана алады

Сурет: Zakon.kz
Премьер-министр Әлихан Смайылов "Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы" қаулыға түзетулер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қандастарды қоныстандыратын өңірлерге Абай облысы қосылды, тізім төмендегідей болды:

      1. Ақмола облысы.

      2. Атырау облысы.

      3. Шығыс Қазақстан облысы.

      4. Батыс Қазақстан облысы.

      5. Қостанай облысы.

      6. Павлодар облысы.

      7. Солтүстік Қазақстан облысы.

      8. Абай облысы.

Ал қоныс аударушыларды қоныстандыратын өңірлер тізіміне Абай және Ұлытау облыстары қосылды: 

      1.Шығыс Қазақстан облысы.

      2. Қостанай облысы.

      3. Павлодар облысы.

      4. Солтүстік Қазақстан облысы.

      5. Қарағанды облысы.

      6. Ақмола облысы.

      7. Абай облысы.

      8. Ұлытау облысы.

Қаулы 2023 жылғы 18 қаңтарда қабылданған, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды