Оңтүстік Кореяда жүк кемесі бортындағы 22 экипаж мүшесімен қоса суға батып кетті

Сурет: pixabay
Оңтүстік Кореяның Чеджу аралының жағалауында бортында 22 экипаж мүшесі бар жүк кемесі суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Yonhap ақпарат агенттігі таратқан мәлімет бойынша, кеме  Чеджу аралындағы Согвипхо қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 148,2 шақырым жерде суға батып кеткен.

Бортта 22 экипаж мүшесі болған: 14 Қытай азаматы және 8 Мьянма азаматы. Экипаждың екі мүшесі құтқарылды, қалғандары іздестіріліп жатыр.

Жергілікті биліктің мәліметінше, ағаш таситын Jin Tian кемесі Гонконгта тіркелген.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды