​Атырау прокурорының жас орынбасарлары тағайындалды

Сурет: ашық дереккөз
Облыс прокурорының бұйрығымен Атырау прокурорының орынбасарлары болып 29 жастағы Мирас Жалмұрзин мен 33 жастағы Серік Ищанов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz "Ақ жайық" басылымына сілтеме жасап.

Мирас Жалмұрзин еңбек жолын Құрманғазы аудандық прокуратурасында бастаған, кейін қалалық және облыстық прокуратурада прокурор болды.

Серік Ищанов қызметін 2012 жылы Астанада бастаған. Астана прокурорының көмекшісі болып жұмыс істеді, кейін Атырауға оралғаннан соң прокуратурасы басқармасының прокуроры болды, облыстық прокуратурада жұмыс істеді, Исатай және Жылыой аудандары прокурорының орынбасары болды.

Жалмұрзин жалпы бақылауды, ал Ищанов "қылмыстық" блокты қадағалайды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды