Елена Рыбакина AusOpen-2023 чемпионатының финалына шықты

Сурет: Instagram/olympickz
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Аустралияның ашық чемпионатындағы жеңісті жолын жалғастырып келеді. Оның қатарынан алты жеңісі турнирдің финалына жол ашты. Жартылай финалда Рыбакина Виктория Азаренкодан басым түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Теннисшілер бірінші ойында-ақ бір-бірімен шынайы тартысты, олар тура бір сағат бойы бір-біріне дес бермей, тай брейкте Елена Рыбакинаның асығы алшысынан түсті – 7:6 (7:4). Рыбакинаның қарсыласы қазіргі Аустралия чемпионатындағы ең титулды қатысушылардың бірі екенін айта кеткен жөн. Азаренко мұнда 2012 және 2013 жылдары чемпион атанған еді.

Екінші сеттің басында Қазақстанның бірінші ракеткасы брейк жасап, 2:1 есебімен алға шықты. Елена бұл жеңісін матч соңына дейін жеткізіп, екі сетте ақтық жеңіске жетті – 7:6, 6:3. Осылайша Елена Рыбакина мансабындағы екінші "Үлкен дулығаның" финалына шықты.

AusOpen-2023 турнирінің шешуші матчындағы қарсыласы Магда Линетт (Польша) мен Арина Соболенко (Беларусь) кездесетін екінші жартылай финалдың соңында анықталады.
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды