Композитор, әнші Сейіл Аяған қайтыс болды

Cурет: Facebook/Бауыржан Жақып
Қазақстандық белгілі әнші және композитор Сейіл Аяған 52 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы журналист Жанарбек Әшімжан Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Қайран, аңқылдаған аппақ Секем… (Сейіл Аяғанов) Жаратылысы бөлек Жасаған берген Сейіл Аяған, аға дос, сіз де көштіңіз бе мына бейопа жалғаннан…Жаратқан Иеміз көрмеген көшеңізден жарылқасын, Қожекем. Өзі мың құбылып тұрған мына дүниеге сіздің ғажайып әніңіз сәуле шашып тұр еді. Амал жоқ…Сейіл кетті дегенше ПЕЙІЛ кетті десеңші…", - деп жазды ол.

Сейіл Аяған Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қызылтау совхозында дүниеге келген. Оның "Жас қалам", "Таң самалы",  "Бала махаббат", "Жіберілген хат", "Қандай сұлу дүние" және тағы да басқа хит әндері бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды