Тарбағатай тауларында қызыл кітапқа енген арқарлар видеоға түсіп қалды

Сурет: pixabay
Арқарлардың видеоға "Тарбағатай" ұлттық саябағында түсірілген. Бейнежазба қорықтың Instagram желісіндегі парақшасында 27 қаңтар күні жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Табиғи кешендер мен нысандарды қорғау бөлімінің мамадары жылдың кез келген уақытында аумақты айналып өту кезінде жабайы жануарларды көзбен көруге мүмкіндік туатынын айтады.


"Күзет іс-шараларының арқасында тау қойлары іс жүзінде жүрген адамдарға мән бермейді, тек кейде олар "қонақтарды" қашықтан тыныш бақылайды", – делінген жазбада.

2023 жылы қар шамадан көп жауғандықтан, арқарлардың азығы өте аз болған.

"Бірақ таулы тұяқтылар бұған қарамастан өздерін жақсы сезініп, арқарлардың саны өсіп жатыр. Бұл қуантарлық жағдай", – дейді қорық мамандары.

Арқар – жұптұяқтылар қатарының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын ірі аң, тау арқары туысының сүтқоректі жануары.


Өскемен
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды