Чехия президентін сайлау: отставкадағы генерал Петр Павел жеңіске жетті

Сурет: Reuters
Чехияда президентті сайлаудың екінші туры өтіп, отставкадағы генерал Петр Павел жеңіп шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петр Павелдың екінші турдағы қарсыласы экс-премьер-министр Андрей Бабиш болды. Петр Павелға сайлауға қатысқандардың 58%-ы, ал Бабишқа 42%-ы дауыс берген.

Петр Павел - Чехия және бұрынғы совет блогының құрамында болған елдер тарихында НАТО-ның әскери комитетін басқарған ( 2015–2018 жылдары) тұңғыш әскери қызметкер. 61 жаста. Ресейдің Украинаға басқыншылығын қатаң айыптаған, Чехияның Батыспен қарым-қатынасы күшейгенін қолдайды. Енді Петр Павел президент лауазымына 2023 жылғы 9 ақпанда кіріседі.

Еске салайық, Чехияда президентті сайлаудың алғашқы туры 2023 жылғы 13-14 қаңтарда өтті. Бұл кезде Петр Павел мен Андрей Бабиш шамамен бірдей дауыс жинаған, бірақ екеуінің де жинаған дауысы 50%-ға жетпеді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды