Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 5 434 болды

Сурет: twitter.com/anadoluagency
Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа елдегі жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 5 434-ке жеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта 31 777 адам жараланған.
"Қазіргі уақытта құрбандар саны 5 434 болды, 31 777 адам жараланды", - деді Фахреттин Қожа Twitter-де жариялаған видеосында.

Еске салайық, 6 ақпанда таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды.

Түркияға қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер аттанды.

Олар 7 ақпанда Ибрахимили ауданында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісіп, үйінді астында қалған бір адамның мәйітін шығарды.

Сонымен қатар жер сілкінісі кезінде Түркияның Хатай қаласында қазақстандық Мирус Құрмашев жоғалып кеткені белгілі болды. Ол жер сілкінісі болғалы отбасымен байланысқа шықпаған. СІМ бұл жөнінде хабардар екенін және оны іздестіріп жатқанын мәлімдеді.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жеке концерттерінен түскен қаражаттың бір бөлігін Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге аударатынын айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды