Алматыда "Цефтриаксон" антибиотигінен 18 адам қайтыс болғаны рас па

Сурет: pixabay
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыда "Цефтриаксон" антибиотигін алғаннан кейін 18 адам қайтыс болғаны жөнінде ақпарат тарады. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі теріске шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Цефтриаксонның" жағымсыз әсері салдарынан көз жұмған пациент туралы карт-хабарламалар (сары карталар) тіркелген жоқ, деп жазды stopfake.kz Telegram-арнасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі берген жауапқа сүйеніп. 

"ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментіне мұндай шағымдар түскен жоқ".ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

"Цефтриаксон" –  сепсис, менингит, инфекциялардың түрлері, пневмония және басқа көптеген аурулар кезінде тағайындалатынн антибиотик.

Бұл препарат Қазақстанда лицензияланған және дәріханаларда сатылады. 

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды