Ақтөбе облысының экс-әкімі қамауға алынды

Сурет: facebook/Ермек Имантаев
Ақтөбенің мамандандырылған тергеу соты өңірдің бұрынғы әкімі Ермек Имантаевты қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

"Ақтөбенің мамандандырылған тергеу сотының 10 ақпандағы шешімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі "Лауазымдық өкілетін асыра пайдалану" бойынша қылмыс жасады деген күдікті И.-ға қатысты 2023 жылғы 8 сәуірге дейін екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ермек Имантаев 2002-2004 жылдары Ақтөбе облысы әкімі қызметін атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды