"Аюсай" визит орталығына енді көлікпен ғана емес, шаттлмен жетуге болады

Сурет: instagram.com/ayusai_ilealatau
"Аюсай" визит орталығына демалыс күндері шаттлмен жетуге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Достар, сізге ыңғайлы болу үшін осы демалыс күндерінен бастап біз қаладан "Аюсай" визит орталығына және кері қарай өз шаттлымызды іске қосамыз! Енді әр сенбі мен жексенбіде, 11 ақпаннан бастап, біздің келушілер Аюсайға жеке көлікпен немесе таксимен ғана емес, сонымен қатар автобус-шаттлмен де жете алады", - делінген хабарламада.

"Аюсай" шаттлы әл-Фараби көшесіндегі Тұңғыш Президент саябағының жанындағы автотұрақтан жүреді.

"Сіз біздің автобусты қоғамдық көлік аялдамасының жанындағы автотұрақтан таба аласыз, онда сәйкестендіру жазуы болады. Шаттл бағыты: Автотұрақ — "Проходная" аялдамасы — "Аюсай" визит орталығы". "Аюсай" визит орталығы

Бір жаққа сапар құны бір адамға — 1000 теңге, екі жаққа бару — бір адамға 2000 теңге. Төлемді тек Kaspi QR арқылы жасауға болады. Ұлттық саябаққа кіре берістегі экотөлемді жолаушылар өз бетінше төлейді.


Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды