Петропавлда тоғызыншы сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкелді: үш бала зардап шекті

Сурет: ҚР ІІМ
2023 жылдың 13 ақпанында Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке сөмкесіне балта мен пышақ тығып әкелген. Қала әкімдігінің мәліметінше, үш бала жараланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін таңертең Петропавлдағы №4 орта мектепте сағат 07.50 минут кеткенде болған. Осы оқу ордасының 9-сынып оқушысы сөмкесіне тығып, өзімен бірге ас үйде қолданылатын балта мен пышақты ала келген.

Ол 3 оқушыны жарақаттады. Қазір екі бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Олар басынан және иығынан жарақат алған. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі уақытта №4 орта мектепте полицияның тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Ресми емес ақпаратқа сүйенсек, мектепке қаруланып келген бала психиатриялық есепте тұр.

Ал мектепте мамандандырылған күзет қызметі болмаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды