Еліміздің 5 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 14 ақпанда еліміздің 5 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қызылорда облысында тұман, көктайғақ болады. Жел шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың орталығында күндіз күші 15-20 м/с-ке жетеді. 

Ақтөбе облысында тұман, күндіз жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүтік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстік-шығысында - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні - 15-20, түнде облыстың батысында кей уақытта 25 м/с. 

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды