Алматы-Ташкент тас жолында 500-ден астам адам кептелісте қалды

Сурет: видеодан скриншот
Алматы-Ташкент тас жолында елу жолаушылар автобусы, жеңіл және жүк көліктерінен тұратын алып кептеліс қалыптасты. Қарлы боран мен нашар көрініс салдарынан бірден төрт жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК мәліметінше, адамдарды топ-топпен жақын маңдағы жылу пунктеріне жеткізіп, кейін пойызбен Тараз мен Шымкентке жөнелткен.

"Қар басуы, қарлы боран жолда жүруге ешқандай мүмкіндік бермеді. Қар үйінділерінен 189-ға жуық адам эвакуацияланды. Оның 14-і - балалар. Медицина қызметкерлері 25 адамға көмек көрсетті. Бұл жағдайда зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ".Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Руслан Шариев

Бұған дейін Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығынан 170 автокөлік кептелісі қалыптасқан еді.




Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды