Синоптиктер сәрсенбіде еліміздің бес өңірінде тұман, боран, көктайғақ болатынын болжады

Сурет: pixabay
15 ақпанда еліміздің бес облысында көктайғақ, қарлы боран, тұман болады деп болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Түнде және таңертең Атырау облысының оңтүстігінде, батысында боран борайды деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ орын алады. Облыстың оңтүстігінде, батысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда түнде және таңертең боран борайды. Оңтүстік батыстан түнде соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Орал қаласында түнде көктайғақ болады деп болжанады.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде боран борайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда күндіз оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

Қарағанды облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың орталығында, шығысында оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды