16 ақпан күні еліміздің басым бөлігінде қар, жауын жауып, тұман түседі, көктайғақ болады

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары республика бойынша 16 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжауынша, солтүстік-батыс циклонның жырасымен байланысқан атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-рауйы күтіледі, соған байланысты қар, республиканың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (қар және жаңбыр түрінде), желдің күшейюі, жаяу бұрқасын болжанады.

"Таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарда қатты жаңбыр күтіледі, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз Атырау облысының шығысында, орталығында қатты қар күтіліді, Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде қатты қар, күндіз облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады"."Қазгидромет" РМК

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде -23-25°С, күндіз -14-16°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы кар) болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде -3-5°С, күндіз +1+3°С болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жаңбыр, таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +1+3°С, күндіз +8+10°С болады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды