Саудада доллар бағамы тағы 3 теңгеге арзандады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,19 теңгеге төмендеп, 444,09 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,85 теңге (-0,74) болды.

Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 479,72 теңге, рубль бағамын 6,02 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 446,5-450 теңге, еуро 475,5-480 теңге, ресей рублі 5,85-6,1 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 16 ақпандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы тағы көтерілді.

ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны 0,56%-ға өсіп, барреліне 85,86 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында наурыздағы WTI фьючерстері 0,67%-ға өсіп, барреліне 79,12 доллар болды.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды