Петропавлда балтамен шабуылдаған бала сыныптастарын бірнеше күн бұрын телефон арқылы қорқытқан

Сурет: astanatv.kz
Петропавлда мектепте балтамен шабуылдаған оқушы сыныптастарына бірнеше күн бұрын телефон арқылы қоқан-лоққы көрсеткен. Ата-аналар бұл туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олардың айтуынша, бала бірнеше күн бұрын бір оқушының үстіне қасақана шай төккен. Ал алдыңғы бейсенбіде сыныптастарына ақ масканың фотосын жіберіпті. Үш күннен кейін ол дәл сол масканы киіп, оқушыларға балтамен шабуыл жасаған.

Қазір бұл мектепте осындай тағы бірнеше бала оқып жатқан көрінеді. Сондықтан ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне алаңдап отыр. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.
"Ол балаға ешкім тиіскен емес. Ол өз бетімен жүрді. Ал балаларға телефонмен түрлі нәрсені жібергенде жауапты тұлғалар сол кезден бастап оны жіті назарға алу керек еді. Ата-аналар ақыл есі өзге балаларды бөлек оқыту керек деп есептейді. Қазір біз балаларымызды мектепке жіберуге қорқып отырмыз".  Ата-ана Надежда Шушемоина
Ал құзырлы орган және мектеп әкімшілігі бұл іске қатысты тергеу жүріп жатқандықтан, әзірше қандай да бір ақпарат бере алмайтынын айтқан.

Петропавл
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды