Қазақстанда коронавирус пен ЖРВИ жұқтырғандар саны көбейіп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирус пен ЖРВИ-мен ауыратындар саны өскенін айтты, деп хабарлады тілші Zakon.kz.

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың сөзінше, кейінгі екі аптада Қазақстанның барлық өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны өскені байқалады.

"Кейінгі аптада коронавирус 15% өсті. Бұл ретте, барлық өңір "жасыл" аймақта тұрса да, біз инфекцияның таралуын сипаттайтын R көрсеткіші 14 өңірде: Алматы, Астана, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау облыстарында, Абай, ШҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында біреуден артық екенін байқап отырмыз". Айжан Есмағамбетова

Ол сонымен бірге коронавирус инфекциясымен бірге жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымы жалғасып жатқанын айтты. Эпидемиологиялық маусымның басынан, 2022 жылғы 1 қазаннан бастап ЖРВИ-нің 3 млн 400-ден астам жағдайы және тұмаудың 3 мыңнан астам жағдайы тіркелді.

"Біз ЖРВИ мен тұмау бойынша жағдайды алдыңғы эпидемиологиялық маусымның ұқсас кезеңімен салыстырсақ, онда біз аурудың 30% өскенін көреміз". Айжан Есмағамбетова
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды