Армения ҰҚШҰ-дан шығуы мүмкін

Сурет: Facebook/Nikol Pashinyan
Бұл жөнінде Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында Армения премьер-министрі Никол Пашинян айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Никол Пашинян модератор тарапынан Армения премьер-министрі ҰҚШҰ қазіргі уақытта онша тиімді емес екенін бірнеше рет атап өткенін айта келе, "Армения одан шыға ала ма?" деп қойылған сұраққа түсініктеме берді, деп мәлімдеді "Новости-Армения".

"Біз бұл мәселелерді әріптестерімізбен бірге талқыладық, біз оларды іс жүзінде жария еттік және бұл қауіп әлі де бар. Біз осы мәселелердің, осы қауіптің шешімін табу үшін жұмыс істеп жатырмыз". Никол Пашинян

Бұдан бұрын, 23 қарашадағы ҰҚШҰ саммитінің қорытындысы бойынша Армения премьер-министрі Никол Пашинян "ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы және Армения Республикасына көмек көрсету жөніндегі бірлескен шаралар туралы" жобасына қол қоюдан бас тартқанын мәлімдеген. Әзірбайжанның агрессиясын ескере отырып, құжат қажет деңгейде әзірленбегенін атап өтті.


Армения

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды