Пәкістанда қатты жер сілкінісі болып, тау көшті
Сурет: pixabay
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, зілзала ошағы 700 000 адам тұратын Баттаграм қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісі дүйсенбі, 19 қаңтар, жергілікті уақыт бойынша 11:21-де (Asia/Karachi GMT +5) тіркелді.
АҚШ Геологиялық қызметінің хабарлауынша, жер сілкінісі ошағы 35 шақырым тереңдікте орналасқан.
Қазақстандық сейсмологтар да Кашмир аумағынан нүктелерді тіркеді. ҚР ҰЯО ГЗИ деректер орталығының ақпараты бойынша, жер сілкінісі 2026 жылғы 19 қаңтарда Астана уақыты бойынша 11:21-де (Гринвич бойынша 06:21-де) болған.
"Жер сілкінісі ошағының координаттары: 36.43 градус солтүстік ендікте, 73.97 градус шығыс бойлықта. Магнитудасы mb=6.2. Энергетикалық класы к=13.5", делінген хабарламада.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Исламабадта жер сілкінісінің күшті болғаны сонша, бұл халық арасында дүрбелең тудырған.
Жер асты дүмпулері Хунзе (Үндістан-Пәкістан шекарасы) мен Наджарда да айтарлықтай сезілді. Мұнда бірнеше жерде лай көшкіні жүріп, жолдарды жауып тастаған.
Жер қыртысының қозғалысы Пәкістанның әртүрлі нүктелерінде сезілді. Көптеген таулы аймақтардан көшкін туралы хабарламалар келіп түсті, деп хабарлайды Azaad Urdu.
After #earthquake in Gilgit baltistan #LandSliding started in many areas..#Gilgit #earthquake #pakistan pic.twitter.com/h25zgCHJD2
— آزاد پرندہ (@azadparinda0081) January 19, 2026
Жер сілкінісінің қатты болғаны соншалық, адамдар үйлері мен кеңселерінен жүгіріп шығып, көмектесуді сұраған.
Жергілікті басылымдар әкімшілік пен тиісті органдар жағдайды мұқият бақылап отырғанын жазады. Шығындар туралы ақпарат жоқ. Бірақ кейінірек жергілікті билік адам өлімі тіркелгенін хабарлады. Кашмирдің солтүстік-батысында бірқатар тұрғын үй қирап, бір ер адам қаза тапқан. Адам шығынына байланысты билік бейбіт тұрғындарға сақтық танытып, жер асты дүмпулері қайталанған жағдайда қауіпсіз жерлерде қалуды сұрап, үндеу жариялады.
🛑 بالائی علاقوں میں شدید زلزلہ.. پہاڑ لرز گئے!!
— WeatherWalay (@weatherwalay) January 19, 2026
گلگت ریجن کے مختلف اضلاع میں 5.8 شدت کے زلزلے کے جھٹکے محسوس کیے گئے۔ زلزلے کے باعث عوام میں خوف و ہراس پھیل گیا، جبکہ متعدد علاقوں سے لینڈ سلائیڈنگ کی اطلاعات ہیں۔ تاحال جانی و مالی نقصان کی تصدیق نہیں ہو سکی، مزید تفصیلات کا… pic.twitter.com/TPlKOUMRRk
Бұған дейін Чили президенті Габриэль Борич оңтүстік аймақтардағы орман өрттері салдарынан 20 мың адамның эвакуациялануына байланысты елде төтенше жағдай режимін енгізгенін жазғанбыз.