Каспий құбыр желісі арқылы мұнай айдау тоқтатылды

Сурет: Facebook/cpcpipe
Каспий құбыр консорциумы қолайсыз ауа райына байланысты Теңіз-Новороссийск мұнай құбыры арқылы мұнай айдау жұмыстары тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, 19 ақпанда күшті дауыл тұрып, толқындардың көтерілуіне байланысты Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнай айдау жұмыстары тоқтатылды.

Сондай-ақ қазіргі уақытқа дейін Новороссйск портының капитаны дауылға байланысты шектеуді алмағаны нақтыланады. 

Алдын ала мәліметке қарағанда, Каспий құбыр консорциумының теңіз портындағы шамамен 1 млн тонна мұнайды құрайтын резервуар паркі толуға жақын.

Сондықтан жүк жөнелтушілерден шикізат қабылданып, мұнай құбыры паркінің бос бөлігін толтыруға және терминалдың резервтік паркіне бағытталып жатыр.

"Теңізшевройл" (ТШО) Новороссискідегі ауа райы жағдайынан және Каспий құбыр консорциумының (КҚК) шикі мұнайды жөнелтуді уақытша тоқтата тұру туралы шешімінен хабардар екенін жеткізді.


"Бүгінгі таңда ТШО өндірісі үздіксіз жалғасуда, компания жағдайды бақылау үстінде. Барлық сұрақтар КҚК-ға жолдануы қажет", - дейді компанияның баспасөз қызметі.

Айта кетсек, 16 ақпанда ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен КҚК бас директоры Николай Горбань Каспий Құбыр консорциумының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және дамыту мәселелерін талқылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды