Алаяқтар қазақстандықтарды президент атынан алдап жатыр

Сурет: pexels
Facebook әлеуметтік желісінде "Жомарт-Тоқаев" есімді аккаунт пайда болды. Парақшада ақшалай сыйлықтардың ұтысы ойнатылады. Бұл парақшаның фейк екені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желіде екі-ақ ресми парақшасы бар. Олар Twitter-дегі @TokayevKZ парақшасы және Instagram-дағы tokayev_online парақшасы. Мемлекет басшысы Facebook желісіне тіркелмеген және ол жерде ұтыс ойынын өткізбейді. Бұл туралы StopFake.kz жазды.

Ақшалай сыйлықтар туралы уәде - алаяқтардың сүйікті тактикасы. Картаға "ұтып алған ақшаны" жіберуге уәде берген шабуылдаушылар пайдаланушылардың жеке дерегін, тіпті олардың ақшасын да ала алады.
"Төлем дерегін ұрлаудың тағы бір жолы - "халықаралық аударым" деген сылтаумен ақпарат алу. Алаяқтар ақшалай сыйлықты аудару үшін карта нөмірін ғана емес, басқа да деректерін сұрайды. Сіз ешкімге картаның жарамдылық мерзімін де, CVC-кодын да айтпауыңыз керек", - делінген хабарламада.

"Жомарт-Тоқаев" деген Facebook парақшасы фейк болып шықты. Онда жүргізілген ұтыс – алаяқтардың ісі. 

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды