Алматы әкімдігі 63 жеміс ағашы рұқсатсыз кесілгеніне қатысты пікір білдірді

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы Нұрлы тау, 46 шағын ауданында ағаштарды кесу фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының мамандары осы мекенжайдағы аумақты тексеру кезінде 63 жеміс ағашын кесу фактісін анықтады. Кесу рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген. Сондықтан тиісті тексеру актісі жасалды.

"Заңсыз әрекеттерден келтірілген залал 1060 АЕК (3 657 000 тг) мөлшерінде. Бұдан басқа кінәлілерд өтемі ретінде ағаш егуге тиіс екені де қарастырылған. Демек өтемі ретінде егілетін ағаш көлемі - Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау ережелеріне сай 3150 ағаш. Олардың биіктігі кемінде 2,5 метр болуы керек", - делінген хабарламада.

Осы факті бойынша қолданыстағы заңнама аясында одан әрі қарай тиісті шаралар қабылдау үшін Алматы қаласының полиция департаментіне және Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына хат жолданды.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды