Өзбекстан зообағына Қазақстаннан барған керік аяздан өліп қалды

Сурет: pxhere
Ферғана хайуанаттар бағының директоры Тұрсынәлі Мамажонов жираф қаңтардағы қатты аязда ауырып, өлгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz .

Gazeta.uz хабарлауынша, жираф 2018 жылы Қазақстаннан әкелінген. Оның аты Максим еді.

"Керік жатқан бөлме кішкентай болды. Сондықтан оны таза ауада серуендеуге шығардық. Кейінгі кезде көп жатып қалды. Далаға серуенге шығарғаннан оған суық тиіп қалды. Бұны ол өлген соң білдік. Керік өлгеннен кейін "Ветеринария және мал шаруашылығын дамыту департаментінен, Табиғи ресурстар министрлігінен және басқа да ұйымдардан мамандар шақырылды. Денені тексергенде оған суық тигені расталды. Жирафтың еті жануарларға таратылды", - деді Тұрсынәлі Мамажонов.

Сол күндері зообақта құстар да қырылып қалған.

2022 жылы Ташкент хайуанаттар бағында Алатау есімді жираф ми ишемиясынан қайтыс болды. Ол 2016 жылы үш жасында Алматы хайуанаттар бағынан әкелінді.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды