Софияда Оразбек Асылқұлов өзбек чемпионын ұтып кетіп, кішігірім сенсация жасады

Сурет: sports.kz
Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Софиядағы (Болгария) "Странджа" халықаралық турнирінің ширек финалында бокстан әлемнің вице-чемпионынан басым түсіп, күтпеген жеңіс сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнирдің 1/4 финалында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Асылқұлов өзбекстандық Әбдумәлік Халоковпен шаршы алаңда бақ сынады. Төрешілер шешімімен бұл кездесуде отандасымыз басым түсті, деп хабарлайды Sports.kz.

Осылайша, Оразбек Асылқұлов 2023 жылғы бокстан кіші әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола медальдан үмітті.

Әбдімәлік Халоков - әлемнің вице-чемпионы (2021), Азия чемпионы (2022), ерлер арасындағы Олимпиада чемпионы (2018) және жастар арасындағы әлем чемпионы (2018). Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының "Странджа" турнирі аясындағы бақталастығына келетін болсақ, Қазақстан үшін бұл - бірінші жеңіс. Бұған дейін қазақстандық боксшылар өзбекстандықтарға қарсы төрт жекпе-жек өткізіп, төртеуінде де жеңілген болатын. 


Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды