Ислам Каримовтың немересі желіде әжесімен бірге түскен суретін жариялады

Сурет: Instagram/mashatilly
Мәриям Тилляева - Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың немересі. Ол 2023 жылдың 27 ақпанында әлеуметтік желіде әжесімен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Суретте Мәриям өз әжесі Татьяна Каримовамен құшақтасып тұр.

"Біздің әрдайым көзіне арық болып көрінетін жалғыз адамымыз бар. Ол - әжеміз", - деп жазып қойыпты суреттің астына Ислам Каримовтың немересі.


Бұл жазба астына Өзбекстанның тұңғыш президентінің тағы бір немересі Иман Каримова да пікір білдірді.

"Бірақ өзі баяғыда бізге арықтау керектігін айтқан, негізі", - деп күлген эмодзилерді де іле кетіпті ол.

Мәриямның парақшасына жазылушы оқырмандардың көбісі Татьяна Каримоваға зор денсаулық тілеп, немересіне әжесіне көп көңіл бөлуді өтінді.

Ислам Каримов 1938 жылы 30 қаңтарда Самарқандта дүниеге келген. Ол Өзбекстан Республикасын 1989 жылдан бастап басқарып келді. 2016 жылдың 2 қыркүйегінде 78 жасында ол инсульттан қайтыс болды. 

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды