Қазақстаннан Үндістан мен Суданға: ғалымдар тарғақтар туралы қызық жаңалық ашты

Сурет: Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы
Былтыр көктемде Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының мамандары 18 тарғақты таратқышпен таңбалаған еді, оның 17-сі қыркүйекте көшуді бастады. Ғалымдар Zakon.kz сайтына құстар саяхатының қызық жаңалығын айтып берді.

Мамандардың айтуынша, 4 құс афро-еуразиялық ұшу жолын таңдаса, 13-і Орталық Азия жолымен қозғалған. 13 тарғақ түрлі бағытты көрсете отырып, қыстау орнына жеткен.

Орталық Азия жолымен бағыт алған 10 тарғақтың жартысы Иран елінде қыстады.

"Бұған дейін тарғақтардың Иран елі аумағын қыстауға қолданатыны жайлы деректердің болмағаны қызық жайт болды. Бұны жоба мамандары осы қыстың ең маңызды жаңалығы деп атады. Ирандағы Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының әріптестеріне таңбаланған құстардың бірін бақылауға мүмкіндік туды".Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы

Қалған үшеуі Пакистанда, біреуі Үнді елінде және тағы бірі Сауд Арабияның оңтүстігінде қыстады.

Афро-еуразиялық жолмен ұшқан әр тарғақ жеке өз бағытын белгілеп, екеуі Сауд Арабия еліне, біреуі Суданға тоқтады.

"Жақында құстар отанына — Орталық Қазақстанға оралу саяхатын бастайды, демек көктемнің екінші жартысында қарсы алатын боламыз", – делінген ассоциация жариялаған хабарламада.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды