ҚХП өкілі: Ертісбаев қазақ тілінен күніне екі рет сабақ алып жүр

Сурет: Telegram/qazaqstan.tv
Qazaqstan телеарнасының "Ашық алаң" студиясында Мәжіліс сайлауына түсіп жатқан саяси партиялар өкілдерінің дебатына Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамбет Ертістаев келмеді. Оның орнына партия төрағасының орынбасары төбе көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бүгін партияңыздың басшысы келмегенін көріп отырмыз. Біздің білуімізде, ол мемлекеттік тілді білмейді,  содан келген жоқ", - деді "Байтақ" жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Қазақстан халық партиясының өкіліне.

"Ертісбаев мырза - нағыз патриот. Бұрын, расында онша жақсы меңгермеген болмар, бірақ қазір ол күніне екі рет сабақ алып жүр, адамдармен кездесуінде де қазақ тілінде сөйлейді", - деді Қазақстан халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков.

Айта кетсек, Қазақстан телеарнасының тікелей эфиріндегі дебат кезінде партия басшылығында бұрыннан отырған Азат Преуашевтің неге орнын ауыстырмайтындығы туралы сұраққа "Ақжол" партиясының өкілі жауап берген болатын. 

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды