Жемқорлардан тәркіленген қаржыдан арнайы есепшотқа 120 млрд теңге түскен

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқорлардан тәркіленген қаржыдан арнайы есепшотқа қанша ақша түскенін және оның қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, арнайы шот "Қазынашылық базасынан" ашылған. Ол бүгінде арнайы шотқа қанша ақша жтналып үлгергенін айтты. 

"Қазір бұл есепшотта 120 млрд теңге бар. Қазір Оқу-ағарту министрлігінен өтініш күтіп жүрміз. Қаржыны жөндеу қажет мектептерге бөлеміз. Олар үш ауысымды мектептер. Жедел жөндеуді қажет етіп отыр", - деді Қаржы министрі.

Сонымен қатар ол қазір өтініш беру процесі жүріп жатқанын айтты. 


"Біз мектептердің тізімін алған, жасақтаған бойда республикалық бюджет комиссиясына береміз, содан кейін бұл ақшаны аймақтарға жібереміз", - деп қосты Ерұлан Жамаубаев.
Қазақстан
Жамаубаев Ерұлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды