3 наурызға арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 3 наурыз, жұма күнге арналған ауа райы болжамын ұсыенды. Болжамға сәйкес, жауын-шашын, жел, бұрқасын, көктайғақ, тұман, найзағай күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен ауа райы атлант циклонымен анықталады, соған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің оңтүстігінде ауық-ауық қатты жаңбыр жауады.

"Тек елдің батысы ғана жоғары қысымды өрістің ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", – делінген хабарламада.

Болжам бойынша республика аумағында жел күшейеді, солтүстікте, батыста, шығыста, орталықта бұрқасын, көктайғақ, оңтүстікте, батыста, орталықта тұман, Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай ойнайды деп болжанды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды