Шетел агенттері туралы заң жобасы Грузия парламентінен кері қайтарылды

Сурет: wikimedia
"Шете агенттерін тіркеу туралы" заң жобасының бастамашылары, "Халық билігі" қоғамдық қозғалысы оны Грузия парламентінен кері қайтарып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң жобасын 1 депутат қолдап дауыс берді, 35-і қарсылық білдірді, 58-і қалыс қалды, деп мәлімдеді Sputnik Грузия.

Бұған дейін Тбилисиде наразылық шерулері өтіп, оған қатысушылар бірінші оқылымда қабылданған "Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы" заң жобасына қарсылық білдірді.

"Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы" заң жобасына сәйкес, шетелдік ықпал агенттері жыл сайынғы табысының 20 пайызының көзі "шетелдік күш" болып саналатын заңды тұлғалар болады.

Грузия парламенті жақын арада заңның америкалық нұсқасын қарастыруды жоспарлаған.

Бірінші заң жобасы мен екіншісінің (американдық заңға ұқсас) негізгі айырмашылығының бірі – тек заңды тұлғалар ғана шетелдік ықпал агенттері бола алады. Сонымен бірге "шетелдік агент" терминін қолдану, авторлардың пікірінше, стигматизация қаупін тудырады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды