Қазақстандықтар YouTube-тегі видеоларды жарнамасыз көріп, оны тегін жүктей де алады

Сурет: gov.kz
Қазақстандықтардың барлығы емес, тек Premium-аккаунт иелері ғана. Бұл туралы Цифрлық даму министрінің Кремний алқабында YouTube компаниясының өнімді басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен жүргізген келіссөздері барысында мәлім болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ынтымақтастық перспективалары мен компанияның Қазақстандағы түрлі сервистеріне қолжетімділікті кеңейту мәселесі талқыланды.YouTube өкілдері биылғы жылы Қазақстанда YouTube Premium іске қосылатынын ресми түрде жариялады". Бағдат Мусин

Министрдің айтуынша, бұл - біздің нарықтың ірі технологиялық компаниялар үшін барынша тартымды болып келе жатқанының көрсеткіші.

"Premium-ге өту мүмкіндігі біздің елде бұрын қол жетімді болмаған YouTube сервистеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Premium-аккаунт иелері видеоларды жарнамасыз көре алады және оларды жүктеп алып, Интернетсіз де қарай алады және т. б. мүмкіншіліктер бар". Цифрлық даму министрі

Айта кетсек, Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) елдерінің 20 перспективті стартабы Кремний алқабына жолдама ала алады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды