Ақтөбе облысында екі басты бұзау туылды

Сурет: pixabay
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданына қарасты Нұра ауылында екі басты бұзау туылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа туған ерекше бұзаудың видеосын ақтөбелік журналист Нұрболат Туысбайұлы Facebook әлеуметтік желісінде жариялады.


"Балалық шағым өткен ауылда екі басты бұзау дүниеге келіпті. Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нұра совхозы. Класстастарымның чатынан ұққаным, ауыл халқында үрей бар сияқты. Экологияның белгісі ме екен?" деп жазыпты ол.

Мал иесі бұзау басын көтере алмағандықтан, бауыздап тастаған.

Бұл бейнежазба желіде қызу талқыланып жатыр:

Пікір білдірген желі қолданушыларының бірі Батыс Қазақстанда мұндай жағдайды бірнеше рет естіп, көргенін жазыпты.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды