СІМ өкілі кейбір қазақстандықтар шетелде заңға бағынбай, айыппұл, несие төлемей кететінін айтты

Сурет: Zakon.kz
Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияровтан журналистер Қазақстан үшін шенген визасын алатын кезде қосымша сұхбаттасулар неге енгізілгенін сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айбек Смадияров Еуропа елдерінің виза алуда қосымша сұхбаттасулар енгізуіне қазақстандықтардың шетелдегі өзін ұстауы ықпал еткен болуы мүмкін екенін айтты.

"Шенген елдеріне барған кейбір азаматтарымыз көлікті жалға алған кезде айыппұл төлемей, сол елден кетіп қалады. Әрине, мұның бәрі белгілі бір шешімдерге әсер етеді. Басқа да құқық бұзушылықтар бар. Шет елге барғанда сол елдің ережелері мен заңдарын орындау керек. Студенттер несие алып, төлемей, кетіп қалатыны да бар", - деп жауап берді СІМ өкілі Айбек Смадияров.

Сонымен қатар ол заңбұзушылықтар көбіне қай елдерде болатынын нақты айта алмайтынын мәлімдеді. Өйткені мемлекеттер бұл туралы хат, ескерту жібермейді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды