Ақтөбе облысында ауылды су алмас үшін тас жолдың бір бөлігі қазылды

Сурет: видеодан алынды
Ақтөбе облысында Қобда ауылын су алмас үшін "Самара-Шымкент" тас жолының 613 шақырымындағы учаскесін қазу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазавтожол" ММ мәліметінше, Ақтөбе өңірінің жергілікті атқарушы органы мен төтенше жағдайлар департаментінен осындай өтінім түскен. 

"Қобда ауылын су алмас үшін және жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін республикалық маңызы бар “Самара-Шымкент” тасжолының 613 шақырымындағы учаскесін қазу туралы шешім қабылданды. Жол бөлігін қазу жұмыстары басталды. Балама бағыт келесідей: Орал-Қобда-Ойыл-Шұбарқұдық-Ақтөбе", делінген хабарламада.

Өңірде су тасқыны қаупі сейілгеннен кейін жол қалпына келтіріледі.

Айта кетсек, өткен демалыс күндері Атырау облысындағы Миялы ауылын су алмас үшін жолды қазуға тура келгені хабарланған болатын.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды