Батыс Қазақстан облысының ірі дүкендерінде делдалдың кесірінен көкөністер қымбатқа сатылған

Сурет: pixabay
Батыс Қазақстан облысында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті жүргізген мониторингтің арқасында әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өткізудегі делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияның аясында БҚО бойынша ҚМА департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп артық делдалдарды анықтау бойынша талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сурет: ҚР ҚМА баспасөз қызметі

"Өткен жылдың соңында жүргізілген талдау облыстағы ірі супермаркеттер желісінің 18 дүкенінде көкөніс сатуда шектен тыс делдалдық фактісі анықталды, бұл жерден облыс тұрғындарының басым бөлігі өнім сатып алады. Кәсіпкер көкөніс өнімдерін үлестес тұлға арқылы осы супермаркетке өткізген". ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде өндіруші өнімін Батыс Қазақстан облысының супермаркеттер желісіне тікелей өткізе бастады.


Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды