БЖЗҚ зейнетақы шоттарындағы сома неліктен азайғанын түсіндірді

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
БЖЗҚ-ның біраз салымшысы жинағындағы қомақты қаржыны түгелдей алмаған. Осыған байланысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры түсіндірме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БЖЗҚ барлық зейнетақы жинақтарының 30%-ы шетел валютасына айырбасталатынын түсіндірді, деп хабарлайды КТК. Наурызда доллардың құлдырауы кезінде инвестицияның валюталық бөлігі теңгемен салыстырғанда айтарлықтай төмендегені де сондықтан. БЖЗҚ әр сейсенбі сайын құбылмалы мөлшерлемені ескере отырып, қайта есептейді. Ал ертең қазақстандықтар өздерінің зейнетақы шотынан басқа санды көреді.

"Қазақстандықтардың ақшасы Қазақстан үшін жұмыс істеуі керек. Осыған сәйкес, түрлі қауіптен сақтандыру мақсатында ақшаның бір бөлігін басқа жерлердегі сияқты шетел валютасына салу туралы шешім қабылданды", - деді БЖЗҚ Астанадағы филиалының директоры Мұрат Шәріпов.

"Зейнетақы ақшасын шетел валютасына инвестициялауға келсек, бұл - стандартты халықаралық тәжірибе", деп атап өтті қор.

Бұған дейін БЖЗҚ неліктен барлық жинақты бір валютада салу мүмкін емес екенін айтқан еді.


Қазақстан
БЖЗҚ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды