Бали аралында туристерге мопедпен жүруге тыйым салынды

Сурет: Zakon.kz
Индонезияның Бали аралының билігі туристерге мопедпен жүруге тыйым салды. Бұл туралы губернатор Ваян Костер мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аралдағы ең танымал көлік түрін ресми жалға алу бұдан былай шетелдіктер үшін қолжетімді болмайды, деп хабарлайды Kompas.

Ваян Костердің айтуынша, аралда бірқатар апат тіркелді. Олардың кейбірі өліммен аяқталды. Жол-көлік оқиғасы туристердің көлікті абайсыз басқаруы салдарынан болған.

Жаңа тыйымды бұзғаны үшін туристер визадан айырылуы мүмкін. Арал билігі шетелдіктерге туристік қызмет дайындаған және барлық стандартқа сай көлік түрлерін ғана пайдалануды ұсынды.

Олардың пікірінше, бұл сапалы және лайық демалысты қамтамасыз етуі керек.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды