АҚШ Қара теңіз көгінде соқтығысты деген ресейлік Су-27 мен дронның видеосын жариялады

Сурет: dvidshub.net
АҚШ ресейлік Су-27 мен Қара теңізге құлаған өздерінің MQ-9 ұшқышсыз ұшағы тіркелген видеоны жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода ресейлік Су-27 америкалық ұшқышсыз ұшаққа қатты жақындап өткенін көруге болады. Сондай-ақ әскери ұшақтың түтіні дронды зақымдағанға ұқсайды.

АҚШ қарулы күштері қолбасшылығының мәліметі бойынша, дронның бұрандасы зақымданған. 


14 наурызда БАҚ америкалық ұшқышсыз ұшу аппараты мен ресейлік әскери ұшақтың Қара теңіз суы көгінде соқтығысқаны туралы хабар таратты. Кейін РФ Қорғаныс министрлігі Қара теңізде АҚШ өндірісіндегі MQ-9 ұшқышсыз аппаратының құлағанын растады. 

Пентагон ресейлік ұшқыштарды "қауіпті" әрекеттері үшін айыптап, дрондағы деректердің жойылғанын хабарлады.

Вашингтондағы Ресей елшісі Анатолий Антонов болған оқиғаны арандатушылық деп атады. Ол америкалық ұшақтар мен кемелердің Ресей шекарасы маңында шаруасы болмауын мәлімдеді.

Ресей
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды