Елімізде жануарларды қорғауға қатысты "жедел желі" іске қосылды

Сурет: Zakon.kz
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі қазір республикада жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты "жедел желі" жұмыс істеп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жануарларға жауапкершілікпен қарау бойынша «жедел желі» іске қосылды 

 

"Жануарларға қытегездік танытқан фактілер анықталған жағдайда +7 (777) 195 99 00 (WhatsApp) нөміріне хабарлауды сұраймыз", - делінген министрлік хабарламасында.

2022 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.

Заң мынадай принциптерге негізделеді:

Заң жануарға қатыгездікті жануардың өліміне, жарақаттануына немесе денсаулығына өзге де зиян келтіруге әкеп соқтырған немесе соқтыруы мүмкін қасақана әрекеті деп түсіндірді.

Сонымен қатар құжатта халықты жануарларға жауапкершілікпен қарау, жануарларға қатыгездікті насихаттауға тыйым салу тұрғысынан оқыту мен тәрбиелеу қарастырылған.

Жануарларға қатыгездік жасағаны және соған шақырғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік күшейтілді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабына сәйкес жануарға зиян келтірген қатыгездік үшін 120 АЕК (367 560 теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 30 күнге дейін қамауға алу көзделген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды