Санкт-Петербургте информатикадан өткен олимпиадада ҚР ҚМ курсанттары ІІІ-орын иеленді

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстандық әскери жоғары оқу орындарының командасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің жоғары білім беру ұйымдары курсанттарының VII Халықаралық олимпиадасында жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Армия генералы А.В. Хрулев атындағы әскери материалдық-техникалық қамтамасыз ету академиясының базасында өткен зияткерлік сайысқа Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан әскери жоғары оқу орындарының курсанттары қатысты.

"Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде – курсанттар бағдарлама жасау машығын, екіншісінде – кеңсе бағдарламаларымен жұмыс істеу қабілетін көрсетті. Үшінші кезең командалық болды. Балалар ақпараттық сауаттылықтың жақсы деңгейін көрсетті", – деді команда жетекшісі, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының жаратылыстану-ғылымдары пәндері кафедрасының бастығы Раушан Игілікова.

Олимпиада қорытындысы бойынша, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының Қуаныш Ербай, Дастан Қанат және Сергей Ли сынды курсанттары бар қазақстандық команда Өзбекстан (екінші орын) және Ресей (бірінші орын) бағдарлама әзірлеушілерінен кейінгі үшінші орынға табан тіреді.


Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды