Сеулде оқып жүрген курсант дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды

Сурет: ҚР СІМ
Сеул қаласындағы Қазақстан азаматы курсант Асанов Ельнұр ҚР Парламенті мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлауда алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бұл сайлау еліміз үшін экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады деп күтемін.  Трансформация біздің мемлекетіміз үшін қажет, ол елдің дұрыс бағытта дамуына қуатты серпін береді деп сенемін. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде азаматтық борышымды орындап, өз үлесімді қосқым келеді. Елімізге нығайып, өркендепу тілеймін!", – деді Е.Асанов.

Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасының Корея Республикасы мен Жапониядағы азаматтары ҚР Парламенті мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлауында дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды.

Қазақстанда жексенбі күні Парламент мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын кезектен тыс сайлау басталды. Сайлау учаскелерінің көбі таңғы сағат 7:00-де ашылды. 19 наурызда Астана уақыты бойынша 20:00-ге дейін 12 миллионнан астам азамат дауыс бере алады.



Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды